Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атасының батасын сұрамай алған": әнші Бүркіттің анасы келініне өлең арнады

Жарияланған күні:

Бүркіт әйелімен, анасымен
Бүркіт әйелімен, анасымен. Скриншот: instagram.com/berkut_aibekjan

Отандық танымал әнші Бүркіт желіде ерекше отбасылық отырыстан видео жариялап, елді тәнті етті. Қалың көпшілік өнер иесінің анасы мен келіншегінің өзара сыйластығына риза болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Бүркіт отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда шоу-бизнес жұлдызының анасы келіні Аишаға өлең арнап жатқанын көруге болады.

"Артық қылық көрсетпей, қиылып тұрған келінім. Жақсы ісімен таңданып, қызығып тұрған келінім. Артық ауыз сөйлемей, сызылып тұрған келінім. Қас-қабағын үлкеннің аңғарып тұрған келінім. Жаңалық көрсе қызығып, таңғалып тұрған келінім. Атасының батасын сұрамай алған келінім. Абайлап сөйлеп, әдептен шыға алмай қалған келінім", - деді әншінің анасы.

Желі қолданушылары енесі мен келінінің өзара сыйластығы мен махаббатына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.

"Қандай ерекше сәт", "Келіндеріне риза енелер қазір аз. Өте риза болып тұрмын", "Нағыз ене. Мақтауға тұрарлық келіні", "Енесі өлең шығарып берген Аишаның арманы жоқ шығар", "Қандай керемет көрініс", "Сыйластықтарыңыз тек арта берсін", - деп жазуда көпшілік

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2158044-atasynyng-batasyn-suramai-algan-anshi-burkitting-anasy-kelinine-oleng-arnady-video/