Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем аман қалды": актер Жахан Отарғалиевтың әкесі жол апатына түсті (фото)

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Видеодан кадр: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев отбасындағы оқыс оқиға орын алғанын айтты. Өнер иесі әкесі жол апатына түскенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Белгілі шоумен жол апаты орнынан фото жариялап, көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

"Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси жүргізіп жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды. Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін", - деп жазды актер.

Жахан Отарғалиевтың Stories-i
Жахан Отарғалиевтың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhahan_utargaliyev

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2158180-akem-aman-qaldy-akter-zhahan-otargalievtyng-akesi-zhol-apatyna-tusti-foto/