Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сендей сіңлім барына өкінемін": Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосына қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі айтқан сөздеріне кешіріммен қарауды сұрады. Оған қоса Жүнісова аталмыш видеосынан кейін әпкесі оған қоңырау шалып, оған "сендей сіңілім барына өкінемін" деп айтқан.

"Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. "Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім барына өкінемін" деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің әруағы қолдасын", – деді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова өзін жек көретіндерге үндеу жасап, желіде жан сырын ақтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159185-sendei-singlim-baryna-okinemin-maqpal-zhunisova-halyqtan-keshirim-surady-video/