Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрінің назары менде болды": Ерке Есмахан өткен өмірі туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде жазба жариялап, өткен өмірі туралы сыр шертті. Өнер иесі тұрмыс құрғаннан кейін нағыз бақыттың не екенін түсінгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында тұрмыс құрмаған кезі мен қазіргі өмірін салыстырып, қай кезде бақытты болғанын ашып айтты.

"Бір кездері мен көп жұмыс істеп, ұшып қонып, еш жерден қалмай, жарқ-жұрқ еткен орталарда жүріп, вниманиенің бәрі менде, керім, күштімін, "осы менің бақытым" дейтінмін. Сөйтсем, қазір тіпті үйден шықпай, ешкіммен жағаласпай, нағыз бақыттың не екенін түсінгендеймін. Нағыз бақыт деген ішкі тыныштық екен. Шүкір", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан желіде жаңа фотосессия жариялап, өзін миллионердің әйелі деп атауды ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159413-barining-nazary-mende-boldy-erke-esmahan-otken-omiri-turaly-syr-shertti/