Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылы сөздерің үшін рақмет": Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы күйеуі туралы ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов
Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов. Видеодан кадр: Instagram/gulnur_serikbay

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет өзі үшін ең үздік актерларды атап, елді тәнті етті. Өнер иесі бұл тізімге бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловты да қосқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбеттің сұқбаты Instagram желісінде жарияланды. Онда өнер иесі өзі үздік деп санайтын үш отандық актерді атаған. Актриса бірінші кезекте бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловты ең мықты деп есептейтінін айтты.

"Дәурен Айдарқұлов, Шакенти, Елдос Шайкенов", - деді Ақбота Сейітмағамбет.

Бұрынғы әйелінің бұл мақтау сөздерінен кейін Дәурен Айдарқұлов оған алғысын айтып, жылы сөздері өзін шабыттандыратынын жасырмады.

"Жылы сөздерің үшін рақмет! Осындай қолдау шабыттандырады және алға ұмтылуға күш береді. Сенің талантың ерекше және әр жобаңда осыны дәлелдеп келесің. Саған да тек сәттілік тілеймін!", - деп жазды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159461-zhyly-sozdering-ushin-raqmet-aqbota-seiitmagambet-buryngy-kuieui-turaly-oiyn-aitty-video/