Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжіп кетті": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас Қытайға неге бармай жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен
Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртаспен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қытай еліндегі тойды көрсетіп, жылы естеліктері туралы айтып берді. Қайрат Нұртастың анасы қандастар үнемі асқан сыйластық танытып, ерекше құрмет көрсететінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қытайдағы қандастардың тойынан видео жариялап, оларға ыстық ықыласы үшін алғысын айтты.

"Бүгін Қытай еліндегі қандастардың тойындамыз. Қайраттың 18 жасынан бастап, Қытай елінің Тарбағатай, Алтай, Үрімші қалаларынан бастап, жалпы 17 қаласына 13 жыл қатар концерт берген кездерінде продюсер болғандықтан, жауапкершілікті мойныма алып өзім жүретінмін. Сахнаға шығарып арасында үстіме шапан жауып, малын сойып қонақ ету дәстүрлеріндей жылда кезек-кезек дастархан жайып күтетін. Халық Қайратты қатты сағынғандарын, күтумен жүргендерін жеткізіп әлек. Оған қоса өзімді де әбден сағынғандарын сезіндім. Көз көрген деген осы шығар, ұзақ уақыт күткендей қарсы алды. Қаны қазақ, тілі қазақ қандастарға алғысым шексіз! Ел тыныш, жұртымыз аман болып, көргеніміз дүркіреген той, аралағанымыз ел болып, баршамыздың деніміз сау, көргендеріміз жақсылық болсын", - деп жазды продюсер.

Сонымен қатар Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың Қытайға неге бармай жүргенін ашып айтты.

"Қайраттың ренжіп кетіп, қайта бармай қойғанын бәрі естіп алыпты. Оған енді бәрі кінәлі емес. Бір құмалақ бір қарын майды қай жерде де шірітетіні анық. Сондай адамға тап болғаны болмаса. Сол жағдайды әнмен жеткізіп жатыр. Не де болса, Қайратты қатты күтіп жүргендері анық", - деп жазды ол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159496-renzhip-ketti-gulzira-aidarbekova-qairat-nurtastyng-qytaiga-nege-barmai-zhurgenin-aitty/