Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойына шақырған жоқ": Сәбит Әбдіхалықов тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева туралы айтты

Жарияланған күні:

Сәбит Әбдіхалықов
Сәбит Әбдіхалықов. Видеодан кадр: Youtube/El KZ

Отандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұлының "Көке" атты фильмінің тұсаукесері алдында бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге сұқбат берді. Өнер иелері баласының тырнақалды туындысына бірге түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ажырасып кетсе де, өзара жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған. Бұрынғы ерлі-зайыпты еш қиындықсыз ұлының алғашқы фильміне түсіп, оның түсаукесері алдында Динара Сәтжанға бірге сұқбат берген.

Белгілі тележүргізуші сұқбатты бірден Иманбаеваның тұрмысқа шыққаны туралы жаңалықтан бастады. Ол Сәбит Әбдіхалықовқа "Бұрынғы жолдасы ретінде екінші рет тұрмысқа шығуға рұқсат бердіңіз бе?" деген сұрақ қойды. Актер "батамды бердім" деп қысқа жауап қатты.

Сонымен қатар Әбдіхалықов бұрынғы әйелімен арақатынасы қандай екенін айтты.

"Осыдан екі жыл бұрын туған күнін жасаған. Сол кезде тілек айтқанда "оқыттың, өнерге баулыдың, екі рет үйлендірдің, рақмет саған, мама" дедім. "Енді келесі тойыңда тілек айтайық. Күйеуге шығып, бақытты бол, сол қуанышыңа келейік" деп батамды бердім. Бірақ әлі тойға шақырмады", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159536-toiyna-shaqyrgan-zhoq-sabit-abdihalyqov-turmysqa-shyqqan-aigul-imanbaeva-turaly-aitty/