Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк тасушы, күзетші, құрылысшы болдым": "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі қазір қайда жүр

Жарияланған күні:

"Мақсат пен Мақсат" тобының әншілері
"Мақсат пен Мақсат" тобының әншілері. Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

2005 жылы аты дүркіреп тұрған "Мақсат пен Мақсат" тобының бұрынғы әншісі Мақсат Ынтықбаев 15 жылдан кейін ел алдына шығып, сахнадан неге көрінбей кеткенін айтты. Өнер иесі топ тараған соң, базарда жүк тасушы, күзетші болып жүмыс істегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Ынтықбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сұқбат беріп, бүгінгі өмірі туралы сыр шертті. Өнер иесі "Мақсат пен Мақсат" тобы тараған соң, жеке әнші ретінде бағын сынап көргенін жасырмады. Ол 15 жылда 2 альбом жарыққа шығарған. Алайда қанша тырысса да, жолы болмаған.

Сәтсіздікке ұшыраған әнші базарда жүк тасушы, күзетші, тіпті құрылысшы болып жұмыс істеуге мәжбүр болған.

"Соңғы істеген жұмысым - жүк тасушы. Бір жарым жыл істедім. Осы 3-4 күнде шығып кеттім. Оған дейін күзетші болып жұмыс істедім. Бір жерде ғана емес, 3-4 жерде істеп көрдім. Құрылыста да жұмыс істедім. "Есектің артын жусаң да, мал тап" деген мақал бар ғой. Қарның ашады, бала-шағаңның қарны ашады. Үйде отыра бермейсің ғой. Үйде отыра берсең әйеліңмен ұрысасың. "Еркек болып үйде жатырсың" деп ренжиді. Ол сөздер намысқа тиеді. Сосын ақша табуға кетесің. Кез келген жұмысқа келісе бересің. Тойды күтіп отырсам бала-шағамды кім асырайды? Ол бір кезде болады, бір кезде болмай қалады. Екі күн бұрын ғана тағы жұмыстан өз еркіммен кетуге мәжбүр болдым. Тоңазытқыш тасып жүр едім. Екі-үш жігіт бірігіп, тапсырыс алып, соларды жеткіземіз. 250-300 келі тоңазытқышты көтеру оңай да емес. Одан кейін әкем ауырып жатыр. Ауылға баруға тура келді", - деді Мақсат Ынтықбаев.

Сонымен қатар ол "Мақсат пен Мақсат" тобы неге тарап кеткенін түсіндіріп, кезінде өзімен бірге өнер көрсеткен Мақсат Құрақбаевпен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

"Топ 2009 жылы тарап кетті. Одан бері 15 жыл өтіпті. Сол аралықта біраз нәрсе жасаппын. 15 жылда екі альбом жаздым. Бірақ хит ән болмай жатыр. Мақсатпен күн сайын хабарласып тұрамын деп айтпай-ақ қояйын. Анда-санда хат-хабар алмасып тұрамыз. Біз ешқандай ренішсіз тарастық. Арамызда бірде бір рет ұрыс-керіс болған емес. Ақшаға келіспей қалу да болған емес. Осыдан екі ай бұрын Мақсатпен жолықтық. Әпкесінің тойында өнер көрсеттім", - деді Ынтықбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2159638-zhuk-tasushy-kuzetshi-qurylysshy-boldym-maqsat-pen-maqsat-tobynyng-buryngy-anshisi-qazir-qaida-zhur/