"Махаббат керек": Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұмыс жайлы сөз қлзғады. Өнер иесі әр маман өз ісімен айналысу керек екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында ой-толғауын бөлісіп, оқырмандарына кеңес берді. Актриса әр істің маманы өз жұмысына махаббатпен берілу керек деп есептейді.
"Қандай кәсіппен болсын, өз маманы айналысу керек деген пікірдемін. Ол үшін ісіңе деген махаббат керек. Сол жолда үнемі дамып отыратын білімді тоқтатпау ләзім. Төзім мен тәжірибе үздіксіз болса ғана, өз кәсібіңнің хас шебері бола аласың. Ондай адамдарды ісінен танисың. Бұл видеоны түсірген жігіт осындай ой салды", - деген жазба қалдырды өнер иесі Ақтауда түсірген видеосының астында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160342-mahabbat-kerek-zhuldyz-abdikarimova-zhazbasymen-oqyrmandaryn-oilandyryp-qoidy/