Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас денсаулығы сыр бергенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/ kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас денсаулығы сыр беріп, ем қабылдап жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі сырқаттанып қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Ол система қабылдап жатқан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әншіге үлкен ұлы Нарұлдың тамақ беріп жатқанын көруге болады.

"Жаным менің, әкесі ауырып қалған кезде тамақ беріп жатыр", - деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас желіде келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен Ақтауда түскен видеосын жариялап, елдің қызу талқысын тудырған болатын.

Қалың көпшілік көптен бері ел алдына шықпай кеткен ерлі-зайыптыны бірге көріп, оларға жылы лебізін білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160346-qairat-nurtas-densaulygy-syr-bergenin-aitty-video/