Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақинаны ломбардтан сатып алдым": Жанель Мақажанның күйеуі оған ерекше тосынсый жасады (видео)

Жарияланған күні:

Жанель Мақажан күйеуімен
Жанель Мақажан күйеуімен. Фото: instagram.com/janellemakajan

Отандық танымал актриса Жанель Мақажанның жолдасы оған ерекше тосынсый жасады. Өнер иесінің күйеуі отау құрғанына үш жыл өткен соң оған тағы да үйленуге ұсыныс жасап, ол білмейтін жайтты айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Асылхан үш жыл бұрын келіншегіне ұсыныс жасарда ақшасы болмай, сақинаны ломбардтан сатып алғанын мойындады. Актрисаның жолдасы енді арада үш жыл өткен соң оған армандаған жүзігін сыйлап, тағы да үйленуге ұсыныс жасаған.

"Құрметті достар! Бүгін біздің отау құрғанымызға 3 жыл толды. Жаным, мен сені құттықтаймын. Сен менің аманатымсың. Осыдан 3 жыл бұрын саған сөз салған кезде мен негізі сақинаны ломбардтан сатып алған едім. Өйткені ақшам болған жоқ, шынымды айтайын. Мен ол кезде жұмыссыз болдым. Енді қолыңа нағыз жарасатын сақина сыйлайтын уақыт келді деп ойлаймын, өзің армандаған брендтен жүзік. Маған тағы да тұрмысқа шығасың ба" - деді Абай Асылхан Instagram-дағы парақшасында.

Өнер иесі әйеліне қымбат брендтің сақинасын тағып, оны ерекше қуантқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160349-saqinany-lombardtan-satyp-aldym-zhanel-maqazhannyng-kuieui-ogan-erekshe-tosynsyi-zhasady-video/