"Аллаға аманатсың": тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ұлы үшін уайымдайтынын айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Нидерланды еліндегі университетке оқуға түсті. Тұңғышымен арнайы барып, оны орналастырып келген анасы баласы үшін уайымдайтынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы елге оралып, Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сыр шертісті. Тележүргізуші баласына деген сағынышын жеткізіп, көпшілікке ішіндегі уайымын айтты.
"Аллаға аманатсың" деп, ана жүрегі сәл тынышталып, үйге қайтты. Үлкенім ержетіп, үлкен өмірге аяқ басты. Мамандық таңдаудан қателеспегенімізге сенемін. Қайтып келгеніме көп болмаса да, әзірге кеудеде уайым басым. Өз қолы өз аузына жетіп, мықты маман болып шығу бұйырсын. Ауырмасын бастысы. Үйге аман-есен жеттім. Келе сала енді ұлымды сағынып отырмын", - деді БАҚ өкілі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160420-allaga-amanatsyng-telezhurgizushi-laila-sultanqyzy-uly-ushin-uaiymdaitynyn-aitty/