Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшамызды ұрлаттық": Роза Әлқожа шетелдегі саяхаты қалай өтіп жатқанын айтты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа жақындарымен шетелде демалуда. Өнер иесі Котор, Миконос, Санторини аралдары мен Венеция, Милан, Анкона қалаларын аралап шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Өнер иесі саяхатынан түрлі фото мен видео жариялап, басынан өткен қызықты оқиғаларды баяндап берді.

"Алматы-Стамбұл-Венеция-Котор-Миконос-Санторини-Анкона-Венеция-Милан-Венеция-Милан-Үргеніш-Ташкент-Алматы сапары түрлі қызықтарға толы болды. Төрт апа, бір ата, бір бала, бір бойжеткенмен бірге он сағат жол жүріп жеткен Венециядағы алғашқы әсер, судағы қаланы аралау, гандоласына міну ерекше болды! Грецияның қалаларын аралағанда да ел көрген бәрібір көкжиегіңді кеңітетінін сезінесің.

Өзге елдің тұрмыс-тіршілігі, еркіндігі өз өзіңнен зерттеу мен зерделеуге мүмкіндік береді. Алланың қалауымен бәрі де болды. Миконоста ақшамызды ұрлаттық. Венециядан ұшқалы тұрғанда бір бірімізге сеніп паспортымыздың Миланда қалып қойғанын түсіндік. Алған билетіміз күйіп кетті, жолаушылар кетті, біз қайта Миланға пойызбен бара жаттық. Енді үйге аман-есен жетуге нәсіп етсін", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160517-aqshamyzdy-urlattyq-roza-alqozha-sheteldegi-saiahaty-qalai-otip-zhatqanyn-aitty-foto-video/