Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бөлек адам": әнші Бүркіт Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді (видео)

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Мақпал Жүнісова
Бүркіт пен Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: Instagram/berkut_aibekjan

Қазақстандық танымал әнші Бүркіт өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісоваға қолдау білдірді. Ол эстрада жұлдызын өзі үшін орны бөлек адам екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Бүркіт Instagram-дағы парақшасында Мақпал Жүнісовамен түскен суретін жариялап, оған ерекше жазба арнады. Өнер иесі эстрада жұлдызын ерекше әрі өзі үшін орны бөлек жан екенін жеткізді.

"Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам", - деп жазды Бүркіт.

Желі қолданушылары жұлдыздардың сыйластығына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова өзін жек көретін адамдарға үндеу жасап, халыққа жан сырын ақтарған еді. Әншінің бұл видеосын желіде қызу талқыланды. Артынан өнер иесі бейнежазбаға қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160663-bolek-adam-anshi-burkit-maqpal-zhunisovaga-qoldau-bildirdi-video/