Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар өз көлігімен Димаш Құдайбергеннің концерті өтетін жерге бара алмайды

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: VCG/VCG via Getty Images

Астанада көрермен Димаш Құдайбергеннің концертіне тек арнайы автобуспен бара алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 13 және 14 қыркүйекте көрермендерге ыңғайлы болу үшін концерт өтетін орынға арнайы автобустар ұйымдастырылады.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

  • Салтанат Сарайы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешіті;
  • Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады. Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160718-astanalyqtar-oz-koligimen-dimash-qudaibergenning-kontserti-otetin-zherge-bara-almaidy/