Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімнен танып қала жаздадым": Анна Данченко денсаулығы сыр бергенін айтты

Жарияланған күні:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко денсауылығы сыр бергенін хабарлады. Өнер иесі сауда орталығында жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қала жаздағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко Instagram-дағы парақшасында оқырмандарымен сырласып, соңғы кезде өзін жайсыз сезініп жүргенін айтты. БАҚ өкілі сауда орталығында киім қарап жүрген кезде басы айналып, есінен танып қала жаздағанын жеткізді.

"Киім таңдап жүріп басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Есімнен танып қала жаздадым. Нәтижесінде қан қысымым 70-ке дейін түсіп кетіпті. Көзімнен көрініп тұр бәрі. Сонда да өзімді емес, маманы ойлап отырмын ғой. Менімен бір нәрсе болып қалса, құдай сақтасын, анамның қасында кім болады деп... Қалай, иә. Анасы баласын, баласы анасын ойлайды", - деп жазды журналист.

Анна Данченконың Stories-i
Анна Данченконың Stories-i. Скриншот: Instagram/ann_2905

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160894-esimnen-tanyp-qala-zhazdadym-anna-danchenko-densaulygy-syr-bergenin-aitty/