Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкесі де жатқан": Димаш Құдайбергенді тербеген бесік көрмеге қойылды (фото)

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген өз концертінде
Димаш Құдайберген өз концертінде. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ғажайып дауысымен күллі әлемді таңдай қақтырған Димаш Құдайбергеннің бесігі Ұлттық мұражайдағы көрмеге қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Халықтың сүйікті әншісіне айналған Димаш Құдайбергенді тербеген бесікті енді мұражайдан көруге болады. Ол арнайы Ұлттық мұражайдағы көрмеге қойылған.

Бұл туралы белгілі журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Сөзінше, бұл бесікке Димаш қана емес, оның әкесі де жатқан.

"Димаштың бесігі. Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл! Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер", - деп жазды БАҚ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2160903-dimash-qudaibergendi-terbegen-besik-kormege-qoiyldy-foto/