Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Сара Амангелді жеке өміріндегі жаңалығын жария етті (фото)

Жарияланған күні:

Сара Амангелді
Фото: Instagram/amangeldieva_sara

Отандық танымал әнші Сара Амангелді жеке өмірінде өзгеріс орын алғанын айтты. Өнер иесі енді басы бос емес екенін жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сара Амангелді жеке өміріндегі жаңалығын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Әнші ару үлкен гүл шоғымен түскен суретін жариялап, оны сүйіктісі жібергенін айтты.

"Жігітім жіберді. Маған гүл алу әшейін сән ғой" , - деп жазды өнер иесі.

Сара Амангелдінің Stories-i
Сара Амангелдінің Stories-i. Скриншот: Instagram/amangeldieva_sara

Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырысқа қатысты ел арасында көптеген қауесет тарады. Әнші ару өзін өнердегі әріптесімен қосатын көпшілікке жауап беріп, Тұрармен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2161017-anshi-sara-amangeldi-zheke-omirindegi-zhangalygyn-zhariia-etti-foto/