Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Майкл Джексонның туған ағасы Тито Джексон 70 жасында қайтыс болды

Жарияланған күні:

Тито Джексон
Тито Джексон. Фото: instagram.com/poppa3t

Майкл Джексонның туған ағасы, The Jackson 5 тобының мүшесі Тито Джексон 70 жасында қайтыс болды. Қайғылы хабарды әртістің ұлдары Instagram желісінде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біздің сүйікті әкеміз, Рок-н-ролл даңқ залының мүшесі Тито Джексон өмірден өткенін қайғыра хабарлаймыз. Біз есеңгіреп, қайғыдан қан жұтып отырмыз.

Біздің әкеміз бәріне қамқорлық жасап жүретін керемет адам еді. Сіздердің кейбіріңіз оны аты аңызға айналған Jackson 5 тобындағы Тито Джексон ретінде, енді біріңіз "Жаттықтырушы Тито" ретінде білетін шығарсыздар. Ал басқалары оны Poppa T ретінде біледі", - деді Джексонның ұлдары Тадж, Тэрилл және ТиДжей.

Айта кетейік, Тито Джексон - Майкл Джексонның ағасы, отбасындағы үшінші бала. Ол 1953 жылдың 15 қазанында дүниеге келген. Марқұм Майклмен бірге The Jackson 5 тобында ән айтқан. 2003 жылы Тито блюз-музыкант ретінде жеке мансабын бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2161839-maikl-dzheksonnyng-tugan-agasy-tito-dzhekson-70-zhasynda-qaitys-boldy/