Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай қырағы": Димаш Құдайбергеннің құлап бара жатқан мобилографқа көмектескен сәті видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Димаш Құдайбергеновтің операторға көмектескен сәті
Димаш Құдайбергеновтің операторға көмектескен сәті. Видеодан кадр: instagram.com/nurasyl_bekturganov

Елордада 13-14 кыркүйекте "Астана Арена" стадионында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті өтіп, оған шет елдерден мыңдаған жанкүйер жиналды. Концерт кезінде желі қолданушыларының назарын аударған ерекше сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны жариялаған Нұрасыл Бектұрғанов есімді мобилограф Instagram-дағы парақшасында өзінің желіде хит болып жатқанын жазған.

Кадрлардан әншінің камераға түсіріп жүрген оператордың сахна шетінде тұрып құлап бара жатқанын байқап қол ұшын созғанын көруге болады. Құлап кететінін аңғармаған мобилограф осы сәт түсірілген видеоны жариялап былай деп жазған: "Оның әншілігі мен талантына сөз жоқ, бірақ оның адамгершілігі бір бөлек әлем".

Желі қолданушылар Димаштың бұл әрекетіне сүйсініп, видео астына жақсы тілектерін қалдырған.

"Қандай қырағы", "Димашның көзі қыранның көзіндей, періште сынды жігітті оқыс жағдайдан құтқарды", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, 13 қыркүйекте Астанадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің STRANGER атты жеке концерті өтті.

Мәдени кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Олардың қатарында Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания, Польша, Беларусь, Ирландия, Чехия, Венгрия, Финляндия, Өзбекстан, Германия, Норвегия, Түркия және т.б. елдер бар.

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертінен кейін жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кеткені түсірілген видео желіде тарап кеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162013-qandai-qyragy-kontsertte-dimashtyng-qulap-bara-zhatqan-mobilografqa-komektesken-sati-videoga-tusip-qaldy/