Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақыл жоқ кезде үйлену керек": Ұлықпан Жолдасов жастарға кеңесін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Ұлықпан Жолдасов сұхбат беруде
Ұлықпан Жолдасов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/DaStarXan

Отандық эстрада жұлдызы Ұлықпан Жолдасов шаңырақ көтеруге қатысты кеңесін айтты. Бұл туралы өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында сөз қозғады.

Ұлықпан Жолдасовтың өзі 17 жасында шаңырақ көтерген. Әнші мұны ерте деп есептемейді. Эстрада жұлдызы қазіргі жастардың үйленбей жүруіне бірнеше себеп бар екенін айтады.

"17 жасымда үйлендім. Сол 17 жасымда жұмысқа кірдім. Қазіргілер шаруасын жасайды, оқиды, тоқиды. Одан кейін жағдайын жасайды. Сөйтіп жүргенде қартаяды. Одан қыз таба алмайды, таңдап қалады.

Біз бірінші кездестік, ешқандай ой жоқ, дүниеде шаруа жоқ, тек үйлену. Сол дұрыс, ақыл жоқ кезде үйлену керек. Яғни, сен көрген адамыңа ғашық болдың, болды. Басқа ештеңе ойламайсың. Үй жағдайы бола ма, болмай ма (маңызды емес-ред.ескертпесі), сен ғашықсың, болды", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162223-aqyl-zhoq-kezde-uilenu-kerek-ulyqpan-zholdasov-zhastarga-kengesin-aitty-video/