"Әйел үйде отырмайды": Мөлдір Әуелбекова желідегі жазбасы жұртты ойландырып қойды
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Өнер иесінің әйелдерге қатысты ойы көпшілікті ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында қызыл кілемде жүрген видеосын жүктеді.
"Әйел үйде демалмайды. Таңнан кешке дейін үйдің, бала-шағаның, ата-ененің, күйеуінің тб. жағдайын жасайды. Ол зерігеді! Сол себепті, әйелді бір сәт сыртқа сергуге шақыру керек. Ол да демалсын...", - деп жазды ол.
Мұны көрген желі қолданушылары түрлі пікір жазып қалдырды. Олар нәзік жандыларға түсіністік танытқан өнер иесіне алғыс айтты.
"Дұрыс айтасыз", "Сыртқа емес, алысқа кетіп, демалу керек", "Мені түсінгеніңе рақмет", "Көз тимесін", "Дұрыс айтасыз", "Киіміңіз өте әдемі", "Не деген сұлулық", - деп жазды жұрт.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162307-aiel-uide-otyrmaidy-moldir-auelbekova-zhelidegi-zhazbasy-zhurtty-oilandyryp-qoidy/