"Амандаспауым да мүмкін": Меруерт Түсіпбаева қандай адамдарды ұнатпайтынын ашық айтты
Жарияланған күні:
Отандық эстрада жұлдызы Меруерт Түсіпбаева артық салмағы бар адамдарды ұната қоймайтынын айтты. Мәдениет қайраткері екіжүзді әрі жағымпаз жандардан да алшақ жүруге тырысатын көрінеді. Бұл жайында өнер иесі "Иірім" бағдарламасына берген сұқбатында баяндады.
Өнер иесі алдымен пікірі үшін көпшіліктен кешірім сұрады.
"Өтірік айтқанды ұнатпаймын. Кейбір әріптестеріммен мен тіпті амандасуға тартынамын. Содан кейін жағымпаздарды жек көремін. Жағымпаздарды, екіжүзділікті, құбылып кететін адамдарды жек көремін.
Қазір айтсам, маған ашуланатын шығар, негізі толық адамдарды да жек көремін. Бірақ оның денсаулығы жоқ шығар, сондықтан кешірім сұраймын. Дегенмен қалай болғанда да әйел болсын, еркек болсын өз салмағына қарау керек. Түсінемін, 50-ден асқан соң барлық әйелде физиологиялық өзгеріс болады, сол кезде адамның салмағы құбылып тұрады. Иә, түсінемін, денсаулыққа да байланысты", - деді әнші.
Меруерт Түсіпбаева жауапкершілігі жоқ жандарды да ұнатпайды. Ол көңілін қалдырған адаммен амандаспауы да мүмкін.
"Жауапкершілігі жоқ адам мен үшін өлікпен тең. Мен оны тірі адам деп есептемеймін. Егер бір адам сенімімнен шықса, мен ол кісіні сыйламаймын, амандаспауым да мүмкін, болмаса көрген жерде бетінен аламын. Өйткені жауапкершілік мен үшін өте маңызды", - деп түйіндеді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162640-amandaspauym-da-mumkin-meruert-tusipbaeva-qandai-adamdardy-unatpaitynyn-ashyq-aitty/