Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өнер адамы үшін ауыр жағдай": бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә түрмедегі кезін еске алды

Жарияланған күні:

Мұрат Әбділдә түрмеден шықты. Видеодан кадр
Мұрат Әбділдә түрмеден шықты. Видеодан кадр: instagram.com/mansar.million

Әлеуметтік желіде көпшілік көзайымына айналған тиктокерледің бірі Мұрат Әбділда абақтыдан шыққан соң Qogam Dauysy жобасына сұқбат берді. Ол сұқбат барысында бас бостандығынан айырылған сәтін еске алып, жан сырын ақтарды.

Мұрат Әбділдә әлеуметтік желіде балағат сөз айтуға арандатушылар себеп болды деп есептейді. Бірақ TikTok желісінің жұлдызы өз кінәсі жоқ емес екенін де айтып отыр.

"Басында маған ауыр болды. Бұрын-соңды түрме көрмегенмін. Мені балағат сөз айтты дейді, бірақ халық алдында бекерден-бер олай айтпайтынмын. Олар өздері арандататын. Сондай кезде балағаттағаным болмаса, негізі халық жағындамын.

Шындық шымбайына батқан адамдар менен кінә іздейтін шығар. Бәріне Алла төреші. Өзімнен де қателік кетті, қамалғаныма ешкімді кінәламаймын. Өнер адамы үшін халықтың алдында жүру, одан кейін қамалып кету ауыр жағдай екен", - деді ол.

Осы тұста Мұрат Әбділдә түрмедегі алғашқы күнін еске алды. Ол қолына кісен салынған сәтте көз жасына ерік бергенін жасырған жоқ.

"Түрмеге келе жатқанда барлығы естіп қойыпты. Көліктен түскенде қарсы алды. Бірақ ешкім ғайбат сөйлеп, қоқан-лоқы көрсеткен жоқ. Сол жердегі жігіттермен бірге жазамды өтеп қайттым. Бәрі сенің өзіңді ұстауыңа, адамдармен сөйлесе алуыңа байланысты сыйлайды.

Бастапқыда уақытша ұстау изоляторында жаттым. Сол жақтан аппеляциялық шағым түсірдім, сот оны қабылдамады. Екі айдан кейін Шымкенттегі лагерьге жіберді, сонда екі жарым жыл болдым. Бірінші күні қолыма кісен тағып жатқанда аяқ-қолым дірілдеп, көзімнен жас шығып кетті. Төрт жарым жылға емес, мәңгілікке сотталғандай күйде болдым", - деп еске алады ол.

Мұрат Әбділдә екі жарым жылдың ішінде темір тордың арғы жағынан 7 рет шағым жазған. Дегенмен арызы осы жолы ғана қанағаттандырылған. TikTok жұлдызы сот үкімін естігенде сенер-сенбесімді білмедім дейді. Бастысы, ол заңмен белгіленген уақытта бостандыққа шыққанына қуанышты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2162652-oner-adamy-ushin-auyr-zhagdai-bostandyqqa-shyqqan-murat-abdilda-turmedegi-kezin-eske-aldy/