Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздар менсінбейтін": Мұрат Әбділдә "Шағала" әні туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Мұрат Әбділдә
Мұрат Әбділдә. Фото: ernur.kz

TikTok жұлдызы, жақында абақтыдан шыққан Мұрат Әбділдә "Шағала" әнінің тарихын баяндады. Qogam Dauysy жобасына берген сұқбатында ол жастайына кедей болғанын атап өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұрат Әбділдәнің сөзінше, ол 13 жасынан жұмыс істеген. TikTok жұлдызының махаббаттан жолы болмай, "Шағала" әні жарықа шыққан.

"Мен жастайымнан кедей болдым. 2000 жылдары 13 жасымда жұмыс істедім, бөтелке тердім. Ол кезде 50-100теңге өте құнды еді. Мектеп бітіргеннен кейін қалада кондуктор болып кеттім. Есімін айтпай-ақ қояйын, бір қызға ғашық болдым.

Өзім ақын, сазгер болған соң сезімтал адаммын. Махаббатта жолы болмаған адаммын. бала болып, біреуге ғашық болсам, мені "лақтырып" кете беретін. Мен бірақ біреудің көңіліне қарап, "Сен маған ұнамайсың" деп айтпаймын, бірақ олар маған айтады. Кездесуге шақырсам, кейбір қыздар менсінбейтін. Ол қыздарды мен де аса қатты ұнатпағанмын.

"Шағала" әні де сол жайлы. Жалпы шағала судың бетінде жүреді, балық болса, іліп жеп кете береді. Өмірде де сондай не тұрағы жоқ, әр жігітпен сөйлесетін, не отбасы жоқ қыздар бар. Шын мәнінде "Шағала" тәтті махаббаттан шықпаған, сондай қыз-жігіттерге арналған ән",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163393-qyzdar-mensinbeitin-murat-abdilda-shagala-ani-turaly-bar-shyndyqty-aitty/