Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігерімізді құм қылып бітті": Жүрсін Ерман Париж Олимпиадасының нәтижесін аяусыз сынға алды

Жарияланған күні:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Видеодан кадр: youtube.com/ El Arna

Танымал ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының нәтижесін сынға алды. Ол төрт жылда бір келетін бәсекені жібермей тамашалаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақын күллі әлем көз тіккен додаға қатысты "Кімнің есінде?" бағдарламасында сөз қозғады. Ол қазақстандық спортшылардың өнеріне мүлде көңілі толмағанын айтты.

"Бұл Олимпиаданы жібермей, жабылуына дейін жатып көрдім. Көңіл қайдан толады? Қаншама қаржы шығарып жасалған дайындықтан бас-аяғы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола алдық. Бұл Олимпиадаға мүлде қарнымыз ашады. Әсіресе, біздің Қазақстанның спортшыларына келе бере, жете бере, бірдеңе жетпей қалып жатады. Су спортына дейін қарадым, таяна бергенде сүрініп кетеді, жетпей қалады. Әбден жігерімізді құм қылып бітті. Не дейміз оған, бақ солай боп тұр ма, бап солай боп тұр ма?

Әйтпесе, Лондон Олимпиадасында жеті алтын алдық па? Ол дәуір өтіп кетіпті. Әсіресе, боксшыларымыз, палуандарымыз, еркін күрес шеберлері әбден жерге қаратып болды. Афина Олимпиадасында Артаевтың арқасында жалғыз алтынды әрең алып едік. Оған да зар болып қалдық. Елдос Сметов болмаса, елдің еңсесі түсер еді", - деді Жүрсін Ерман.

Осы ретте ол спортшыларға қатысты алдын ала ақпарат беретін, халықты үміттендіретін спорт комментаторларына да шүйлікті.

"Біздің спорт комментаторлары да қызық. "Ананы алайын деп жатырмыз, мынаны алайын деп жатырмыз" деп желіктіріп қойды. Олардың ешқайсысы болмай қалды", - деді ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163573-zhigerimizdi-qum-qyldy-zhursin-erman-parizh-olimpiadasynyng-natizhesin-aiausyz-synga-aldy/