"Газпром-Медиа" Comedy Club бағдарламасы жабылатынын хабарлады
Жарияланған күні:
Атақты ресейлік Comedy Club әзіл шоуы 19 жыл бойы эфирде болғаннан кейін жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Газпром-Медиа Холдингке" сілтеме жасап хабарлайды.
"Comedy Club жабылады. Телевизиялық эфирде 20 маусым, 800-ден астам түпнұсқа шығарылым, 2 ТЭФИ сыйлығы, 1500 стендап, 4000 миниатюра, әлемнің жүздеген қаласында 10 000 концерт – осындай көрсеткіштермен Comedy Club өзінің тағдырлы соңғы шығарылымына келіп отыр. Соңғы бағдарлама 20 қыркүйекте сағат 21:00-де эфирге шығады. Бағдарлама резидент, жүргізуші және аңызға айналған шоудың креатив продюсері Гарик Харламовтың ресми мәлімдемесінен басталады", - делінген "Газпром-Медиа Холдинг" баспасөз қызметінің Telegram-дағы хабарламасында.
Сонымен қатар холдингтің баспасөз қызметі жүргізушінің мәлімдемесін де келтірген.
"Құрметті достар, бүгін біз сіздерге шын мәнінде маңызды жаңалықты хабарлаймыз. Біз Comedy Club жабылатынын растаймыз", - деді жүргізуші және Comedy Club креатив продюсері Гарик Харламов.
Жобаға қош айтысуға "Женский стендап" шоуының жұлдыздары, тележүргізуші Дмитрий Дибров, актриса Наталья Бочкарева, "Однажды в России" шоуының актерлері Азамат Мұсағалиев, Денис Дорохов, Яна Кошкина, клубтың бұрынғы резиденті және Okko продюсері Гавриил Гордеев, сондай-ақ Comedy Club бас продюсері Артур Джанибекян келеді. Актриса және телевидение жүргізушісі Юлия Меньшова клубтың резиденттерінен сахнада қоштасу сұхбатын алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2163637-gazprom-media-comedy-club-bagdarlamasy-zhabylatynyn-habarlady/