Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмаханның үлкен ұлы Раиммен бірге ән айтып, жұртты тәнті етті (видео)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан отбасымен
Ерке Есмахан отбасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ erke_esmahan

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмаханның үлкен ұлы Мүсілім Раиммен бірге ән салып, жұртты тәнті етті. Видео көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Раим Instagram желісіндегі парақшасында жаңа әнінің видеоүзіндісін жариялады. Ол көпшілікті жақын арада жаңа альбом шығаратынын айтып сендірді.

Ал желі оқырмандарының назары бірден Ерке Есмаханның ұлына түсті. Видеода Мүсілім көлік рөлінде отырып, Раиммен бірге ән шырқайды.

Жұртқа 12 жастағы баланың өнерге құштарлығы мен ашық мінезі ұнаған. Одан бөлек, желі қолданушылары Раим мен Мүсілімнің ұқсастығын айтып, таңғалып жатыр.

"Осы бірінші баласы Раимға ұқсай ма?","Өзіңе ұқсап бара ма? Тұйықтау еді, жарайсың, мақтан етер әке болшы", "Қандай керемет әке", "Не де болса Раим, жарайсың", "Раим, сыйлаймын", "Екеуі қатты ұқсайды", "Ұлымды иіскеп жатамын дегені керемет" - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2164629-erke-esmahannyng-ulken-uly-raimmen-birge-an-aityp-zhurtty-tanti-etti-video/