Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Grammy күтеміз": 20 жастағы қазақстандық жігіттің ремикстері әлемге танылып жатыр (видео)

Жарияланған күні:

Нұрбек Мысиев
Нұрбек Мысиев. Фото: instagram.com/ myssiyev

Eternxlkz лақап атымен танылған Нұрбек Мысиевтің фонк стиліндегі әуендері желіде хит болып жатыр. Алайда трендке айналған тректердің авторы қазақстандық 20 жастағы жігіт екенін бірі білсе, бірі білмейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас музыканттың шығармашылығына қатысты деректер "Тіл кеспек жоқ" басылымының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 20 жастағы Нұрбек Мысиев Ақтөбе қаласында туған. Ол фонк стилінде электро-музыка жазумен айналысады. Ал жас музыканттың ремикстері әлемдік рейтингтерде көш бастап тұр.

Әсіресе, оның Slay, Brodyaga Funk және Enough ремикстері кеңінен танымал. Spotify-да Нұрбектің тректері 350 мыңнан аса рет тыңдалған және ай сайын 9 миллионнан аса адам тыңдайды. Одан бөлек, Slay ремиксі америкалық топ-чарт Billboard тізіміне енген.

Басылым Нұрбектің Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитынын хабарлады. Оның музыка саласында жүргеніне 7-8 жылға жуық уақыт болған көрінеді.

Желі қолданушылары Нұрбектің шығармашылығына оң баға беріп жатыр. Олардың басым бөлігі әлемге танымал тректердің авторы қазақстандық жігіт екеніне таңданып отыр.

"Бұйырса, тағы бір Grammy бізде", "Авторы қазақ жігіті екенін білмеппін", "Қандай керемет", "Жарайсың, бауырым", "Мәссаған", "Grammy күтеміз", "Талант деген осы екен ғой", "Мен енді білдім", "Тіпті ойыма да келмепті", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2165028-grammy-kutemiz-20-zhastagy-qazaqstandyq-zhigitting-remiksteri-alemge-tanylyp-zhatyr-video/