Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтыла алмай жатқандай": Дина Төлепберген қызын тұрмысқа шығуға асықтыратын ата-аналарды сынады

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Отандық тележүргізуші Дина Төлепберген Instagram желісіндегі парақшасында Құралай Анарбековамен сұқбатының үзіндісін жариялады. Әңгіме барысында журналист тұрмысқа шығу мәселесі туралы сөз қозғаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген видеоүзінді астына өз ойын жазып та қалдырды.

"Қызды да, ұлды да шаңырақ көтеруге асықтырмаңыздар! Мен мәселен 28 жасымда тұрмысқа шықтым. Сол уақытқа дейін құлағыма сағыздай жабысты "Кәрі қыз" деген жиіркенішті атау. Құтыла алмай жатқандай, "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрау – манипуляция! Яғни жеке шекарадан аттау!

Құралай да "құлағыңды жегідей жейтін сөздер жүрегіме ауыр тиеді" дейді. Тағы қайталаймын, әр ұл, әр қыздың өз шекарасы бар, оны бұзбауды ата-ана, жақын деген адамдар өзінен бастауы керек", - деді ол.

Осы ретте тележүргізуші жақында әйелдерге арналған авторлық жобасы жарыққа шығатынын айтты. Жоба "Din Dinа Show" деп аталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2165319-qutyla-almai-zhatqandai-dina-tolepbergen-qyzdy-turmysqa-shyguga-asyqtyratyn-ata-analardy-synady-video/