"Бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті": Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңдерді еске алды. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жақында жарыққа шығатын сұқбаттың үзіндісін жариялады.
Жахан Отарғалиевтің айтуынша, бір жыл бұрын көп танысы одан теріс айналған. Ал бұл актердің өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтуға себеп болған.
"Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім", - деді ол.
Осы кезеңде әзілкеш рухани әлсірегенін түсінген.
"Уақыт өткен соң денсаулығым реттеле бастады. Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді.
Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек. Рухани реттелгенде жаным рахаттана бастады", - деді Жахан Отарғалиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2167393-bir-mezette-bukil-adam-zhoq-bolyp-ketti-zhahan-otargaliev-basynan-otken-qiyn-kezengdi-eske-aldy-video/