"Неткен мәрттік": Мақпал Жүнісова сахнада өзіне сыйлық жасаған қызға гауһар жүзігін шешіп берді (видео)
Жарияланған күні:
Халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнада өзіне сыйлық жасаған кішкентай қызға гауһар жүзік берді. Концерттегі видеоның үзіндісін әнші Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
Видеодан Мақпал Жүнісоваға кішкентай қыз жүгіріп келіп, тұмарша сыйлағанын аңғаруға болады. Өнер иесі оған алғысын айтып, қымбат сыйлық ұстатып жібереді.
"Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты, риза болғаным соншалық, анаң тағып жүрсін деп гауһар сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім, аман болайық", - деп жазды әншінің өзі.
Мұны көрген көпшілік халық әртісіне ризашылығын білдірді.
"Ол бриллиант сізге мың есе болып қайтады", "Мен неге жылап отырмын?", "Еш жасандылығы жоқ, аңыз адамсыз", "Сізді негізі мәрт кісі деп айтады", "Өзіңіз бриллиантсыз ғой", "Кеңпейіл жүрегіңізден сіздің, өзім алғандай қуандым ғой", "Жомарттығыңыз керемет", "Халық сізді шынайы жақсы көреді, неткен мәрттік", - деді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2167623-netken-marttik-maqpal-zhunisova-sahnada-ozine-syilyq-zhasagan-kishkentai-qyzga-brillliant-berdi-video/