"Еншісін бергісі келмеді": Ләйлә Сұлтанқызы жолдасынан қалған мұра қалай бөлінгенін айтты
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасының мұрасы қалай бөлінгенін айтты. Өнер иесі күйеуі өсиетхат қалдырмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы белгілі журналист Әйгерім Сейфоллаға ақтарыла сұқбат беріп, жолдасының артынан қалған мұрасы бөліске түскенін растады.
Тележүргізуші отағасының дүние-мүлкі балаларына теңдей бөлінгенін жеткізді. Сонымен қатар БАҚ өкілі күйеуінің үлкен балалары өз еншісін екі бауырына бермегенін айтты.
"Шын мәнінде өсиетхат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтуіміз керек болды. Яғни басқа балалары бар ма, бар болса, олар дәлелдеуі керек деген сияқты тұстары бар. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі, яғни мен. Яғни қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді. Үлкен балалары еншісін екі кішкентай бауырларына берген жоқ. Бергісі де келмеді. Оның себебін де түсінемін. Олар қалыптасқан тұлға. Олар да Қайрекеңнің балалары. Жолдасым миллионер болған жоқ", - деп жауап берді Сұлтанқызы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2167977-enshisin-bergisi-kelmedi-laila-sultanqyzy-zholdasynan-qalgan-mura-qalai-bolingenin-aitty/