Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдарың болсын": Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың видеосын жариялап, елді қызықтырып қойды. Қалың көпшілік бірге жүрген ерлі-зайыптыға тәнті болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Бейнежазбадан жұлдызды жұптың жолға шығып бара жатқанын көруге болады.

Белгілі продюсер лифтінің қасында тұрған балаларына ақ жол тілеп, Қайрат Нұртастың стилін ерекше атап өткен.

"Қайрат, бері қарашы. Стилің күшті болып тұр. Жолдарың болсын", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны бірге көріп, қуанышын жасыра алмады.

"Бақытты болсын", "Керемет жарасып тұр", "Қайрат жарайсың, Гүлзира керемет ана", "Екеуі бірге жұргені қандай жақсы. Жұптарың жазылмасын", "Жандарым", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168449-zholdaryng-bolsyn-gulzira-aidarbekova-qairat-pen-zhuldyzdyng-videosyn-zhariialady/