Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғажайып күй: "Азия" тобының әншісі әйгілі әнін 20 жылдан соң ұлымен бірге орындады

Жарияланған күні:

Ренат Басит ұлымен
Ренат Басит ұлымен: instagram.com/ renat_basit

"Азия" тобының мүшесі Ренат Басит әйгілі "Ғажайып күй" әнін ұлымен бірге орындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ренат Басит ән айтқан видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Араға 20 жыл салып ұлым айтып отыр. Зымыраған өмір-ай. "Азия" тобы - 20 жыл, 2004-2024", - деп жазды Ренат Басит.

Мұны көрген көпшілік ностальгияға беріліп, өз ойын жазды.

"Студент кезімде қайта-қайта тыңдайтынмын", "Есте қалған әндердің бірі", "Расымен өмір-ай", "Қайран, студенттік кезім-ай", "Дауысы керемет", "Жастық шақтан естелік", "Ностальгия", "Жас кезімдегі әндердің бірі", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168671-gazhaiyp-kui-aziia-tobynyng-anshisi-aigili-anin-20-zhyldan-song-ulymen-birge-oryndady-video/