Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп нәрсені бізден жақсы біледі": Әбдіжаппар Әлқожа Бесбаевтың қызының есімін қойғаны рас па

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев
Әбдіжаппар Әлқожа мен Мейрамбек Бесбаев. Видеодан кадр: Instagram/abdizhappar_alkozha

Жақында үшінші перзенті дүниеге келген Мейрамбек Бесбаев келіншегі мен қызы перзентханадан шыққан соң, бұл қуанышын ет-жақындарының ортасында атап өтті. Өнер иесі көпшілік алдына Әбдіжаппар Әлқожаны алып шығып, оған алғысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев келіншегі мен перзенті үйге оралған соң үлкен дастархан жайып, құттықтап келген көпшілікке алғысын айтты. Олардың арасынан өнер иесі Әбдіжаппар Әлқожаны ерекше атап өтті.

"МузАрт" әншісі қуанышты хабарды білген бойда бірден өнердегі інісімен бөліскенін жасырмады. Ол тіпті Әбдіжаппар Әлқожаға азан шақырып, сәбиінің есімін қою мәртебесін берген.

"Әбджіппарды ортаға алып, әңгімені осыдан бастасам деп тұрмын. Досы екеуі "Аға , көкпар беріңіз" деді. Содан ниеттенейікші деп, Тараздың төрінде үлкен көкпар бердік. Артынша елдің дұғасы қабыл болып, Айзиядай қызымыз келіп отыр. Ең бірінші осы хабарды естіген кезде мен Әбдіжаппарға хабарластым. "Келші, ешкімге айтпайтын сырым бар" дедім. Қуанышым қойныма сыймай жатты. "Әбдіжаппар, сенің осы кішкентай ниетіңе осындай жағдайлар болды. Құдай қаласа, ұл бола ма, қыз бола ма, атын өзің қойып, азан шақырасың" дедім. Бұл қожаның баласы ғой. Көп нәрсені бізден жақсы біледі", - деді Мейрамбек Бесбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168803-kop-narseni-bizden-zhaqsy-biledi-abdizhappar-alqozha-besbaevtyng-qyzynyng-esimin-qoigany-ras-pa/