Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гонорар алып көрмеппін": "30-дан асып барамын" әнінің авторы шағын үйді паналап жүр

Жарияланған күні:

Садық Қынат
Садық Қынат. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

Осыдан 30 жыл бұрын жазылған "Отыздан асып барамын" әнінің авторы қазір Алматының шетіндегі шағын баспананы паналап жүр. Сазгер Садық Қынат кезінде талай хит әнді жарыққа шығарғанымен, дүние жинап, материалдық жағдайын жақсартуға құлшынбаған, деп хабарлайды "Астарлы ақиқат" бағдарламасы.

Садық Қынат шығармашылығын жандандыру мақсатында Алматыға қоныс аударған. Осыған дейін Шымкентте тұрған сазгер қазір 70-тен асқан.

"Халық хит ән жазған авторлардың бәрі екіқабатты коттеджде тұрады деп ойлайтын шығар. Алматының бір шетінде 12 шаршы метрлік кішкентай ғана үйде тұрып жатырмыз. Қазіргі заманда хит ән жазған авторлар емес, соны айтып жатқан орындаушылар екіқабатты коттеджерде тұруы мүмкін. Ал біздің жағдайымыз осы.

"Отыздан асып барамын" әнін орындамаған әнші жоқ. Бірақ мен біреуден гонорар немесе сыйақы алып көрген емеспін. Әншілер сазгерлерді менсінбей ме, әлде "шыққан ән ғой" деп айта бере ме, білмеймін. Ешқайсысы қолды да алмайды", - дейді Садық Қынат.

Әуесқой сазгердің ән қоржынында жүзге жуық туынды бар. Оның "Отыздан асып барамын" хитінен бөлек, кезінде шымкенттік зағип балалардан құралған "Сәт" триосын халыққа танытқан "Көнеміз ғой" әнінің авторы екенін бірі білсе, бірі білмес. "Отыздан асып барамын" әнінің тарихы да көпшілікке беймәлім.

"Бұл ән 1993 жылы шыққан. Сол жылы мен 40-қа келген едім. Мұқағали Мақатаевтың "Отыздан асып барамын" деген өлеңін жатқа білетінмін. Содан туған күнде "Қырықтан асып барамын" деп айтамын ғой деп, ән таппай жүргенмін.

Ол кезде Төрткөлде тұрамын. Сол Төрткөлге кетіп бара жатып, осы ән келді. Ол кезде телефон жоқ, солай отырыстарда айтып жүрдім. Содан Айқожа деген әнші бала келіп, "осы әніңізді ұнатып қалдым" деп сұрады. Содан тарап кетті. Шымкенттің бәрі тойға айтады", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2168965-gonorar-alyp-kormeppin-30-dan-asyp-baramyn-anining-avtory-shagyn-uidi-panalap-zhur/