Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленуімізге бәрі қарсы болды": Айқын мен Жұлдыз отбасын құрған кезді еске алды

Жарияланған күні:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/aikyn

"Астарлы ақиқат" бағдарламасында үйлену тойын жасаған Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Ерлі-зайыпты 9 жыл бұрын алғаш отбасын құрған кезді еске алып, басынан қандай сынақтар өткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген бірінші келіншегімен ажырасып кеткен соң халықтың қаһарына ұшырап, "жаман адам" болып кеткенін айтты. Әнші Жұлдыз Өмірғалиге үйленетінін хабарлағанда ет-жақындары қатты таңғалып, тіпті қарсылығын білдірген.

"Бәрі мені мінсіз жігіт деп ойлады. Ажырасып жаман адамға айналдым. Бірақ ажырасқан жалғыз мен емес қой. Шоу-бизнесті ақтарып қарасақ, біраз ағаларамыз да бар. Мен Жұлдызға үйленемін деген кезде бәрі шок болды. Достарым, жақындарым, ата-анам, бәрі қарсы болды. Ата-анам шок болды. "Құда-құдағиға не айтамыз?" деп уайымдады. Анам жылады. Мен айттым, "тек Әсел екеуміздің арақатынасымыз өзгереді. Ал балалар мен құда-құдағиларыңыз бұрынғыша қалады" дедім. Бірінші жанұяммен қарым-қатынасты үзбей, екі отбасыны бірге араластыру арқылы менікі дұрыс болғанын дәлелдей алдым. Кезінде қарсы болған адамдардың ойы өзгеріп жатыр", - деді Айқын.

Жұлдыз Өмірғали басынан мұндай жағдай өтетінін мүлдем ойламағанын алға тартты.

"Жастау кезімде осыған ұқсас біреудің оқиғасын естіп едім. Сол кезде "Құдай сақтасын, жоқ, менің басымда мұндай оқиға болмайды. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын. Басымды да, мұрнымды да сұқпаймын" деп айтқаным есімде. Бірақ Алланың өзі осылай мені алып келді. Тоғыз жылдан кейін осылай студияда той жасап, ақ көйлек киіп отырғаныма әлі де сене алар емеспін. Тоғыз жылда қаншама хейт болды, қаншама көз жасы төгілді. Қазір оған сабырлықпен қараймын.", – деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169154-uilenuimizge-bari-qarsy-boldy-aiqyn-men-zhuldyz-otbasyn-qurgan-kezdi-eske-aldy/