Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кім түсіріп тұр": шомылып жатқан видеосын жариялаған Балжан Бидаш қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Балжан Бидаш
Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Өнер иесі көпшілікке суға түсіп жатқан сәтін көрсеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балжан Бидаш тығыз жұмыс кестесіне қарамастан өзіне демалыс жариялап, Қытай еліне аттанды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында хабарлаған.

Өнер иесі желіде асқан белсенділік танытып, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Шоу-бизнес жұлдызы тіпті оқырман назарына ваннаға түсіп жатқан сәтінен видео ұсынды.

Бейнежазбада әншінің қонақ үйге орналасып, артынан ваннаға түскенін көруге болады. Желі қолданушылары аталмыш видеоны бірден қызу талқыға алып, Балжан Бидашты сұрақтың астына алды.

"Жалғыз қорықпайсың ба?", "Нешінші қабат? Тым биік екен", "Терезеден бар байлығыңды көріп қоймайды ма?", "Мына видеоны түсіру үшін қаншама уақыт кетті екен. Ең қызығы оны кім түсірді екен", "Видеоны қалай түсірдіңіз?", "Бұл видеоны кім түсірді?", "Видеоны кім түсіріп тұр екен деймін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169214-kim-tusirip-tur-shomylyp-zhatqan-videosyn-zhariialagan-balzhan-bidash-qyzu-talqyga-qaldy/