Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын Төлепберген бағдарлама кезінде әйеліне екі бөлмелі пәтер сыйлады

Жарияланған күні:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали. Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасы кезінде келіншегіне күтпеген тосынсый жасады. Өнер иесі екі баласының анасына екі бөлмелі пәтер сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген отандық бағдарлама кезінде келіншегі Жұлдыз Өмірғалидің көзін жауып, оған үлкен тосынсый жасады. Әнші көпшілік алдында әйеліне Алматыдан екі бөлмелі пәтерді сыйлап, қолына кілтті табыстады.

Жұлдыз Өмірғали мұндай сыйлықты мүлдем күтпегенін айтып, жолдасына алғысын білдірді.

"Мынау Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілті. Құтты болсын. Бұл "бөлек шығып кетші" деген сөз емес. Нағыз қазақтың бизнесі ғой. Пәтерді жалға өткізесің. Ақшасын өзің аласың. Сенің жалақың болады", - деді өнер иесі.

Айта кетейік, осыдан 9 жыл бұрын отау құрған Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали "Астарлы ақиқат" бағдарламасында үйлену тойын жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169258-aiqyn-tolepbergen-bagdarlama-kezinde-aieline-eki-bolmeli-pater-syilady-video/