Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ортаны гүлдендіріп жібереді": Мадина Сәдуақасова анасына әсерлі жазба арнады

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова анасымен
Мадина Сәдуақасова анасымен. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасоваанасын туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында анасымен түскен фотосессиясын жариялап, елді тәнті етті. Өнер иесі ел алдында анасын туған күнімен құттықтап, оған ақ тілегін жолдаған.

"Туған күніңмен, мама! Негізі, анамның өзі өнерге, әншілікке жақын, ақ жарқын мінезді, үнемі күлімдеп, жадырап жүретін, ортаны гүлдендіріп, жандырып жібереді өзі. "Мама" деген әнде осы кісіге деген барлық сезімдерім, махаббатым тұр. Сондықтан болар, "Мама" әні халықтың жүрегінен орын тапқаны. Жүз жаса, анашым. Ортамызда осылай құлпырып жүре бер", - деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары құттықтаулар легін жалғастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169648-ortany-guldendirip-zhiberedi-madina-saduaqasova-anasyna-aserli-zhazba-arnady/