Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерке емес, еркек қыз болып кеттік": сұқбат берген Мақпал Жүнісова елді күлдірді (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова белгілі журналист Дина Төлепбергенге сұқбат беріп, өзі жайлы тың жайтты ақтарды. Өнер иесінің берген жауаптары елді күлдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Дина Төлепберген берген сұқбатынан үзіндіні жариялады. Онда әнші тележүргізушінің сұрақтарына жауап беріп отырғанын көруге болады.

"Бойыңызда қайсысы көп, өнер ме, әлде нәзіктік пе", - деген сауал жолдады Төлепберген.

Жүнісова бойында өнер әлдеқайда басым екенін жеткізді. Ол нәзіктік дегенді мүлдем ұмытып кеткенін айтты.

"Өнер. Нәзіктікті ұмытып кеттік қой қазір. Ерке қыз емес, еркек қыз боп кеттік қой", – деп күлді өнер иесі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169708-erke-emes-erkek-qyz-bolyp-kettik-suqbat-bergen-maqpal-zhunisova-eldi-kuldirdi-video/