Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші киномнан 890 млн теңге таптым": Жахан Отарғалиев табысы туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Жахан Отарғалиев
Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев алғаш түсірген киносынан қанша табыс тапқанын ашып айтты. Өнер иесінің тырнақалды туындысы 890 млн теңге көлемінде табыс әкелгенімен, қалтасына оның тек 50 млн теңгесі ғана түскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында сұқбатын жариялап, кинодан түскен табыстың қалай бөлінетінін түсіндірген. Актер кино түсіру арқылы қыруар қаржыға кенелуге болатынын жоққа шығарды.

"Бірінші киномнан 890 млн теңге таптым. 50 пайызын кинотеатр алып қалады. Салық бар, дистибьютерлердің пайызы бар, тағы басқа шығын бар. Соңында таза өз қалтама 50 млн теңге ғана түсті. Бәрі кинодан ақша көп табады деп шатасып жатыр. Мысалы мен енді түсіретін туындым таза өнер үшін болады. Халыққа ой салып, бір нәрсе айтқым келеді. Сол үшін түсіргім келеді", - деді актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169783-birinshi-kinomnan-890-mln-tengge-taptym-zhahan-otargaliev-tabysy-turaly-bar-shyndyqty-aitty/