Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұптарың жазылмасын": құшақтасқан Жанболат пен Жазира елді сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Жанболат пен Жазира
Жанболат пен Жазира. Видеодан кадр: Instagram/zhanbolat_erbatyrov

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарын қуантты. Қалың көпшілік қос жұлдыздың махаббатына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдің ыстық ықыласына ие болған видеоны Жанболат Ербатыров Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің келіншегі Жазира Байырбекованы көтеріп алып, құшақтап тұрғанын көруге болады. Ерлі-зайыпты аталмыш бейнежазбаны әсем табиғат аясында түсірген.

Ербатыров видео астына "Алтын күзім" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары әншілердің махаббатына тамсана қарап, оларға жылы лебізін жаудырды.

"Жұптарыңыз жазылмасын", "Осылай бақытты болып жүре беріңіздерші", "Осы жұп қатты ұнайды. Ешқандай артық әңгімесі жоқ. Таза өнер деп жүрген жандар", "Көз тимесін. Жазира ханымды осылай аялап жүре беріңіз", "Сондай әдемі жұп. Қанша жыл өтсе де, махаббаты сол қалпы", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169813-zhuptaryng-zhazylmasyn-qushaqtasqan-zhanbolat-pen-zhazira-eldi-suisintti-video/