Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ем алып жатқан жерге құттықтап келді": Жеңіс Ысқақоваға күйеуі ерекше кездесу ұйымдастырды (видео)

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова күйеуімен
Жеңіс Ысқақова күйеуімен. Видеодан кадр: Instagram/zhenisiskakova

Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова жолдасы екеуінің шаңырақ көтергеніне 32 жыл толып, көпшілікке дүбірлі үйлену тойынан мұрағаттық суретті көрсетті. Өнер иесінің күйеуі атаулы күнге орай оған тосынсый жасап, ерекше кездесу ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова үйлену тойы кезіндегі фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің қалыңдық көйлегімен тұрғанын көруге болады.

"Әдемі тілектер қабылданады. Шаңырақ көтеріп, отау құрғанымызға 32 жыл толыпты. 3 қазан, 1992 жыл", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар Жеңіс Ысқақова көпшілікке жолдасы өзін қалай құттықтағанын көрсетті. Отағасы келіншегінің ауруханада жатқанына қарамастан арнайы барып, оған гүл шоғын тарту еткен. Сонымен қатар әншінің күйеуі оны мейрамханаға апарып, ерекше кездесу ұйымдастырған.

"Ем алып жатқан жеріме келіп, құттықтап кетті", - деген жазба қалдырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169910-em-alyp-zhatqan-zherge-quttyqtap-keldi-zhengis-ysqaqovaga-kuieui-erekshe-kezdesu-uiymdastyrdy-video/