Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынымен өзі ме": декреттегі түрін көрсеткен Ләйлә Сұлтанқызын ел танымай қалды (фото)

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы желіде декрет кезіндегі суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік БАҚ өкілінің өзгерісіне қатты таңғалып, кейбірі оны тіпті танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы мұрағаттық фотоны Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Онда тележүргізушінің екі баласымен келе жатқанын көруге болады.

"Декреттің де соңы бар. Берілмейміз қыздар. Кімге жіберу керек екенін білесіздер", - деген жазба қалдырды журналист.

Желі қолданушылары аталмыш суретті қызу талқылап, БАҚ өкілінің өзгерісіне қатты таңғалған. Кейбір оқырмандар тіпті фотода Ләйлә Сұлтанқызы екеніне күмән білдірді.

"Шынымен өзі ме?", "Мені сізді танымай қалдым", "Сіз де біз сияқты болыпсыз ғой", "Қалай өзгеріп кеткенсіз. Мотивация деген осы ғой", "Жарайсыз, сізді мақтан тұтамын", "Бірінші фотодағы кім деп қарап қалсам, өзіңіз екенсіз ғой. Жазбасаңыз тіпті сізді танымай тұрмын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2169930-shynymen-ozi-me-dekrettegi-turin-korsetken-laila-sultanqyzyn-el-tanymai-qaldy-foto/