Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікті тоқтатып, шешіне бастады": Фариза Ескермес басынан өткен жантүршігерлік жайтты баяндады

Жарияланған күні:

Фариза Ескермес
Фариза Ескермес. Видеодан кадр: youtube.com/ HTK Show

Отандық актриса Фариза Ескермес осыдан 12 жыл бұрын басынан өткен жантүршігерлік оқиғасын баяндады. Ол Taboo бағдарламасына берген сұқбатында шамамен 17-18 жасында өзін такси жүргізушісі зорламақ болғанын айтты.

Фариза Ескерместің айтуынша, ол өзін зорламақ болған жігіттің бет-әлпетін әлі ұмытпаған.

"17-18 жастамын. Әке-шешем тау жақта тұрады. Әке-шешемнің үйіне барғанға дейін ұзын әрі үлкен жол, өзен бойы. Ол жолда ешкім жүрмейді, ағаштар көп. Сондай жолға бұрылған кезде такси жүргізушісі, қазақтың жас қазақтың баласы көлікті тоқтатып, шешіне бастады.

Түрі әлі есімде, адам шок болғанда түрін есте сақтап қалады екен. Алдымда пакеттер тұрған. Терезені ашып үлгеріп, "құтқарыңдар" деп айғайладым. Содан арғы жақтағы адамдар көріп, жүгіріп келді. Осы кезде ол мені көліктен итеріп құлатып, құтқарылып қалдым", - деді Фариза Ескермес.

Актриса такси жүргізушісін сотқа бермегеніне әлі күнге дейін өкінеді.

"Сол кезде камералардың бәрін ашып, сол адамды табуым керек еді. Мен қорқып қалдым, шок жағдайында болдым. Іздемек түгілі, үйден шыққым келмеді. Ата-анама да, құрбыларыма да айтпадым. Қыздарға агрессия көрсетілетін болса, қыз жабылып қалады екен. Ешкімге айтқысы келмейді, өз ішінде ұстайды екен. Ал негізі айту керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2170012-kolikti-toqtatyp-sheshine-bastady-fariza-eskermes-basynan-otken-zhanturshigerlik-zhaitty-baiandady/