"Тарихи күн": Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, бірқатар өнер қайраткері референдумда таңдауын жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомХалық әртісі Роза Рымбаева мен қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллин, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев, басқа да өнер қайраткерлері Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдумға қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы өңірлік Коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның халық әртісі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды.
Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, Роза Рымбаева іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, бүгін ел және әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.
"Бүгін барлық қазақстандық үшін тарихи күн" - деді ол.
Алматыдағы №387 сайлау учаскесінде әнші Нұрлан Абдуллин де таңдауын жасады.
"Ел бірлігі біздің қолымызда деп ойлаймын, бүгінде азаматтарымыз келіп, өз үлестерін қосып жатыр, бұл – еліміздің, біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт", - деді ол.
Сонымен қатар аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Дос-Мұқасан" ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысып, таңдауын жасады.
Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші, мемлекеттік сыйлықтың иегері Бибігүл Төлегенова Қазақстанда атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға қатысып, №559 сайлау учаскесінде дауыс бергенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2170507-tarihi-kun-roza-rymbaeva-men-nurlan-abdullin-referendumda-tangdauyn-zhasady/