Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапты сәтте сенім артты": Жұлдыз Әбдікәрімова енесіне жазба арнап, қолдау білдірді

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова
Гүлзира Айдарбекова, Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова арнайы Астанадан ұшып келіп, енесі Гүлзира Айдарбекованың дүкенінің ашылу салтанатына қатысты. Қайрат Нұртастың келіншегіне дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізу мәртебесі бұйырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасында мерекелік шарадан видео жариялап, Айдарбековаға жазба арнады. Өнер иесі аса жауапты сәтте өзіне сенім артқан жұлдызды енесіне алғысын айтқан.

Қайрат Нұртастың келіншегі жаңа дүкеннің тұсаукесер рәсімін өткізіп, қызыл лентаны кескен.

"Бүгін Алматыда Гүлзира Үсенқызының дүкенінің ашылу салтанатына қатыстым. Лента, тұсау кесетін жасқа жетіп қалғанымды байқамай қалыппын. Жауапты сәтте маған сенім артып, тапсырғаныңызға рақмет. Кәсібіңіз берекелі, табысты болсын", - деген жазба арнады актриса.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2170797-zhauapty-satte-senim-artty-zhuldyz-abdikarimova-enesine-zhazba-arnap-qoldau-bildirdi/