Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Голливуд актері сияқты": Бүркіттің 23 жыл бұрынғы видеосы жұртты тәнті етті

Жарияланған күні:

Бүркіт
Бүркіт. Видеодан кадр: instagram.com/ berkut_aibekjan

Көпшілікке Бүркіт лақап атымен танымал Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында мұрағаттағы видеосын жариялады. Көпшілік әншінің жас кезіндегі сымбатына таңғалып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Жансейітов жариялаған видеодан оның замандастарымен бірге дастархан басында отырғанын аңғаруға болады.

"2001 жыл. Зымырап өткен не деген уақыт десеңші", - деп жазды өнер иесі.

Мұны көрген көпшілік әншінің жас кезіндегі сыр-сымбатына таңданып, түрлі пікір жазып қалдырды.

"Голливуд актері сияқты болыпсыз ғой", "Талай қыздың жүрегін жаралаған шығарсыз", "Киану Ривз сізге ұқсайды екен", "Газеттен қиып алатын "крашымыз" еді", "Қандай әдемісіз", "Сымбатты жігіт", - деп жазды жұрт.

Желі оқырмандарының арасында Бүркіттің жұбайы Аишаны іздегендер де табылды.

"Аиша қайда?", "Аиша әлі мектепте шығар", "Аишаға үйленіп, жолың болды", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2170833-gollivud-akteri-siiaqty-burkitting-23-zhyl-buryngy-videosy-zheli-oqyrmandaryn-tanti-etti/